Өскемен титан-магний комбинаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Өскемен титан-магний комбинаты ААҚ – түсті металлургия кәсіпорны. 1965 жылы іске қосылған. Комбинат шығаратын сирек металл – титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери-теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында тұтынылады. Өндірістік цехтары мен қызмет ғимараттары жетілдірілген жабдықпен жарақтандырылған, технологияны өңдеу жүйелерінің жұмысы тұрақты, осы заманғы стандарттау және сертификаттау жүйелері енгізілген. Оның өнімі тек қана экспортқа бағдарланған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада сияқты дамыған шетелдерге шығарылады. Комбинаттың өнімін “Таймет”, “Прат енд Уитни” (мотор жасаушы) және “Боинг” (ұшақ жасаушы) сияқты беделді шетелдік фирмалар сатып алады. Кәсіпорынның халықаралық байланыстағы инвестиция әріптесі – Бельгияның “Спешиалти Метала Компани” фирмасы.
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды |
1954 |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Мамұтова Әсем Тілекқызы (президенті) |
Саласы |
тау-кен өнеркәсібі |
Өнімі |
титан, магний |
Айналым | |
Операциялық кірісі | |
Таза табыс | |
Қызметкерлер саны |
▼ 2689 адам (2016) |
Басшы компания | |
Еншілес компания |
«Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС, |
Сайты |
Қазіргі таңда «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ әлемнің жеті титан өндірушілердің бірі, оған бүкіл өнімдердің 20%-ы тиісті. 1994 жылдан бастап метал толығымен дамыған шетелдерге экспортталады. Негізгі бөлімі ракета-космос өндірісінде (50%), одан кейін химиялық, биомедициналық, спорттық және зергерлік өнеркәсіптерінде қолданылады. Комбинат сапалы титан шығаратын тәуелсіз, интегралды зауыттардың бірі, ал бүкіл әлемде мұндай кәсіпорындар өте аз.
Тіпті Қазақстанның ең қиын уақыттарында да ТМК ААҚ ғылыми қоғамдармен бірге байланыс үзген жоқ, бұл біріншіден техникалардың дамуына, екіншіден ұзақ уақыттық бағдарламалардың құрылып, титан-магний индустриясының дамуына әсер етті.
Кәсіпорында жұмысшылардың, олардың жанұяларының, ардагерлердің қауіпсіздігі үшін де шаралар қолданылған. Оларға профилактикалық емге, арзан тағамға арнайы талондар беріледі. Мұнда 2 медпункт, 4 асхана және 2 буфет, спорт комплексі және балшықпен емделу қызметі де бар. Жыл сайын жұмыскерлердің спартакиядалары болады. Осындай бағдарлама оларға күш беріп, сонымен қатар өнімнің сапасын да жаксартады.