![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/71/Rembrandt_Harmensz._van_Rijn_123.jpg/640px-Rembrandt_Harmensz._van_Rijn_123.jpg&w=640&q=50)
Өлілер мекені
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ежелгі гректердің нанымы бойынша, адамдар өлгеннен кейін жандары о дүниеге - Аид құдай басқаратын жер асты патшалығына ауысады. Гректер жердегі көптеген үңгірлер мен жарықтар - өлілер патшалығына кіретін қақпалар деп ойлаған. Осындай қақпалардың бірінен Гермес құдай адамдардың жандарын Стикс өзенінің жағасына апарады. Бұл өзен - тірілер әлемі мен өлілер патшалығының арасындағы шекара. Гректер өлген адамның аузына тиын салған, Харон өзін Стикс өзенінен өткізгені үшін марқұм сол тиынмен ақы төлейді. Ақша берілмеген жандар жағаны бойлап, мәңгіріп, бақытсыз күйде қаңғып қалған.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/71/Rembrandt_Harmensz._van_Rijn_123.jpg/640px-Rembrandt_Harmensz._van_Rijn_123.jpg)