From Wikipedia, the free encyclopedia
Өлке (моңғ. Өлгий) — Моңғолиядағы қала. Баян-Өлгей аймағының әкімшілік орталығы және ірі қаласы. Халқы — 28964 адам[1].
Моңғолия астанасы Ұланбатырдан 1709 километр [2] Ресеймен шекарадан 80 километр және Қытаймен шекарадан 130 километр қашықтықта Моңғолияның батыс жағында орналасқан. Қала Өлгийн тал жазығында, Қобда өзенінің (Ховд) жағасында көп жағы оңтүстік жағалауында орналасқан. Барлық жағы Моңғол Алтайы тауымен қоршалған, биіктігі 3000 метрге дейінгі таулар: Орд-Бөхөн-Уул (2790 м), Ар-Бөхөн-Уул (2625 м), Ямаат-Уул (2408 м), Овгор (2384 м) және басқалар. Жақын орналасқан елді мекендер: Сагсай (оңтүстік батысқа қарай 23 километрде), Улаанхус (солтүстік басысқа қарай 40 километрде), Бугат (шығысқа қарай 2 километрде) және Алтанцөгц (шығысқа қарай 8 километрде).
Өлгей климаты шөлді, құрғақ, қар мүлдем аз жауады және қысы ұзақ және жазы қысқа ыстық болады. Жауын-шашынның мөлшері шамалы болып табылады; оның көбі жазда түседі.
Өлгейден 3 километрде солтүстсік батысында күшейтілмеген ұшу-қону жолағын бар Өлгей әуежайы орналасқан (ULG/ZMUL). Әуежайдан Aero Mongolia компаниясы Fokker 50 ұшақтарымен Ұланбатырға [3] және SCAT компаниясы ұшақтары Өскемен арқылы Алматыға тұрақты рейстер қатынайды.
Соңғы 40 жылда қала халқы бірнеше есе артқан. Егер 1963 жылы Өлгейде тұратын барлығы 8,1 мың адам болса[4], 2000 жылы 28060 тұрғыны, ал 2008 жылы — 28496 адамға жеткен. Қала халқының көпшілігі — қазақтар[5].
Қалада тоқыма (жүн), киім және азық-түлік кәсіпорындары бар. Көрікті жерлері стадион мен мешіт.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.