Өзбекстан Футбол Қауымдастығы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Өзбекстан Футбол Қауымдастығы (өзб. O'zbekiston futbol assotsiatsiyasi / Ўзбекистон футбол ассоциацияси) — Өзбекстан футболын бақылайтын, басқаратын ұйым. Штаб пәтері Ташкент қаласындағы Өзбекстан көшесі, 98А үйде орналасқан. Президенті — Ачилбай Раматов.
Тарихы
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/a/ab/Uzbekistan_Football_Association_Logo.png/200px-Uzbekistan_Football_Association_Logo.png)
Өзбекстандағы футбол ұйымы алғаш рет 1946 жылы "Өзбек ССР-і Футбол Федерациясы" деген атаумен КСРО Футбол Федерациясының бөлімі ретінде құрылды. Тәуелсіздік алғаннан соң 1992 жылы Өзбекстан Футбол Федерациясы деген атпен қайта жаңартылды. 1994 жылы ФИФА мен АФК-ға мүше болды. Федерация УЕФА-ға мүше болуға мүмкіндігі бар болса да, белгісіз себептермен Азия құрлығын таңдады (УЕФА басшылығы КСРОдан бөлінген мемлекеттердің бәріне де Еуропалық ұйымға қабылдануға рұқсат берген болатын).
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/2b/Uzbekistan_FA.png/200px-Uzbekistan_FA.png)
1994 жылы тиісті ұйымдарға қабылданған болса да құрама 1992 жылдан ресми жолдастық кездесулер өткізе бастады. 1997-2013 жылдар аралығында Орталық және Оңтүстік Азия Футбол Федерациясына мүше болды. 2014 жылы Иран, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Өзбекстан құрамаларын біріктіретін жаңа ашылған субфедерация — Орталық Азия Футбол Федерациясының тізіміне енді.
Қауымдастыққа әрбір облыстың футбол федерациялары бағынады.
Құрамы
Қауымдастықты президент басқарады. Қазіргі президенті Ачилбай Раматов 2018 жылдың 25 қаңтарында тағайындалды. Вице-перзидентері — Шоакрам Исроилов, Пулат Бободжонов.
Қауымдастықтың басқа да мүшелері: Рустам Курбонов, Бобур Шодиев, Мурод Алиев, Мансур Раджабов, Комил Ярашев және Наримон Джалолов.
Марапаттары
- ФИФА «Fair play» (адал ойын үшін) жүлдесі: 2013
Жетекшілері
ЖЖ | Президент |
---|---|
1992—1994 | Эльмар Аминов |
1995—2005 | Закир Алматов |
2006—2017 | Мираброр Усманов |
2017—2018 | Умид Ахмаджанов |
2018— | Ачилбай Раматов |
Сілтемелер
- Ресми сайты Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2010 жылы.