From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбікен Хасенов (1897, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы - 30.10.1958, Алматы) - қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі (1945).
Әбікен Хасенов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мамандықтары |
күйші |
Марапаттары |
Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген әртісі |
Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубек пен Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді.
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Кәрсон бұтағынан шыққан.[2]
Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз болған домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда, Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді.
1934 жылы Әбікен қазақ әдебиетінің классигі жазушы Сәкен Сейфуллиннің көмегі тиіп Қазақтың драма театрына жұмысқа алынып өмірінің соңына дейін сонда істейді. Әбікен көптеген батырлар мен билердің бейнесін сахнаға шығарды.
Бірақ Әбікен өміріндегі ерекше орын алатын қасиеті әрине күйшілігі. Оның домбырасының қоңыр үні жүректегі қыл сезімдерді қозғап көңілдегі шерді дөп басатын сиқырлы сазымен со кездегі қазақтың зиялы қауымының әртістерінің ақын-жазушыларының ғалымдарының ұйып тыңдайтын көңілдерінің қошы бола білді. Бақытымызға орай Әбікеннің көзі тірісінде оның орындауындағы Тәттімбет пен Әбдінің күйлері саз табақшасына түсіріліп, өзі шығарған «Қоңыр» күйіне ән де жазылып қалды.[3]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.