Әбдіжәлел Бәкір
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбдіжәлел Бәкір – (23.1.1940. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы) - журналист, қоғам қайраткері. [1]
Н.Гоголь атындағы Қызылорда пединститутын бітірген (1963).
Саяси ғылымдар докторы (2006). Партия, комсомол органдарында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Облыстық телерадиокомпанияның төрағасы (1991-95). ҚР Парламенті Мәжілісінің екі мәрте депутаты (1995-2004).
Мәжіліс депутаты ретінде еліміздегі «БАҚ туралы», «Жарнама туралы», «Тіл туралы» Заңдардың дайындалып, қабылдануына айрықша үлес қосқан.
Облыстық телеарна төрағасы болып тұрған кезінде үлкен ұжымды біліктілікпен басқарып, шығармашылықтың дамуына ерекше мән берген.
Ә.Бәкірдің жетекшілігімен «Сыр саңлақтары» атты үлкен концерт-кездесу ұйымдастырылып, ол Ұлттық арнаның «Алтын қорына» қабылданды.