Ұсталық аспап
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұсталық аспап — қатты материалдарды, болат пен түсті металл қорытпаларын қолмен немесе машина көмегімен соғу арқылы өңдеуде пайдаланылатын аспаптар. Қолмен соғу кезінде дайындама төс үстінде, машинамен (балғамен) соғу кезінде балға тоқпағына қойылады. Ұсталық аспап ұсталық штампылау өндірісінде дайындамаларды ыңғайлап ұстау, қозғау, аударыстыру, жылжыту, өлшеу, т.б. үшін пайдаланылады. Ұсақ дайындамаларды тас балғамен, ал массасы үлкен дайындамалар машина жәрдемімен өңделеді. Ұсталық аспап көмегімен дайындаманы жаншып өңдеуге, шабуға, кесуге, тесуге, бұрауға, июге болады. Машинамен жаншып өңдеу арнайы қондырғысыз орындалмайды. Қолмен соғу кезінде әр түрлі тегістегіш, қысқыш, кесу, тесу, ою салу, әшекей бет салу, т.б. көптеген ұсталық аспап түрлері қолданылады.
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.