![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/08/Tetraogallus_tibetanus_hm.jpg/640px-Tetraogallus_tibetanus_hm.jpg&w=640&q=50)
Ұларлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлар (лат. Tetraogallus) — қырғауыл тұқымдасына жататын құстардың бір туысы.
Ұлар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Тибет ұлары
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||
T. caucasicus |
Ұлардың денесінің жалпы құрылысы кекілікке ұксайды, бірақ одан ірі, дене тұрқы 60 см. Ұлар көбінесе Кавказдың, Қазақстанның тауларында болады. Мұның бірнеше түрлері бар, еті дәмді, ел сол үшін аулайды.
Салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсаса, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен.
Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді. Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.[1]