From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұзынарал – Балқаш көлінің орталық тұсындағы түбек.
Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге созыла орналасқан, ені 5 — 6 км. Солтүстігін Сарыесік бұғазы қоршап жатыр. Солтүстік-шығысында Ұзынарал аралы, оңтүстік-батысында Ұзынарал қонысы орналасқан. Түбектің батыс жағалауының жер бедері террасалы көлдік жағажай, шығыс бойының бедері жайылма және одан жоғарғы бөлігі террасалы болып келеді. Бетін төрттік кезеңнің (антропогеннің) шөгінді тау жыныстары жауып жатыр.
Шалғынды сұр, бозғылт сұр топырағында шөлейтке тән өсімдіктер өседі.
Түбек қазірге дейінгі барлық карталарда Сарыесік түбегі деп қате жазылып келген. Түбектің Ұзынарал аталу себебі, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға дейінгі кезеңде (20 ғ-дың 30-жылдарына дейін) Сарыарқа халқы Балқаш көлін осы тұста суы қатқан бұғаз арқылы көлдің оңтүстігіндегі қамыс-құрағы мен ағашы мол және шөбі қалың Сарыесікатырау құмына өтіп, қыстаған. Көктемде көлдің мұзы ерімей тұрып кері қарай, Сарыарқа жағына малдарын айдап әкеткен. Сондықтан бұғаз әрі-бері өтіп, көшіп-қонуға ыңғайлы болғандықтан Сарыесік деп аталған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.