From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлттық баскетбол қауымдастығы, ҰБҚ (ағылш. National Basketball Association, NBA) — Солтүстік Американың (АҚШ, Канада) кәсіби ерлер баскетбол лигасы. Солтүстік Американың алғашқы төрт кәсіби спорт лигаларының бірі. 1946 жылы Америка баскетбол қауымдастығы болып құрылып, кейіннен Ұлттық баскетбол лигасымен бірігіп Ұлттық баскетбол қауымдастығына айналды.
Ұлттық баскетбол қауымдастығы | |
---|---|
Ұраны | Where Amazing Happens |
Құрылуы | 6 маусым,1946 |
Бас кеңсесі | Олимпик-тауэр, Нью-Йорк |
Төрағасы | Адам Сильвер |
Ресми торабы | http://www.nba.com/ |
2014 жылы қауымдастық құрамына географиялық ерекшеліктеріне байланысты Шығыс және Батыс конференцияларына бөлінетін 30 команда кірді. Ал конференциялар өз алдына бес командадан үш дивизионға бөлінеді. Бір маусым аралығында әр команда 82 кездесу өткізіп, нәтижесіне байланысты плей-офф кезеңіне іріктеледі. Плей-офф кезеңінде командалар олимпиадалық жүйе бойынша 4 жеңіске дейін ойнайды. Екі конференция чемпиондары ҰБҚ чемпионы анықталатын басты финалда кездеседі.
2010 жылы ҰБҚ табысы 3,8 миллиард долларды құрады. Ал ҰБҚ ойыншыларының біржылдық орташа жалакысы 4,8 миллион долларды құрады. ҰБҚ-ның орталық кеңсесі Нью-Йорктегі Олимпик-тауэр ғимаратының 19 қабатында орналасқан.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.