Үшқылтан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үшқылтан (лат. Trisetum) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер шарының қоңыржай аймақтарында 60-қа жуық түрі тараған, Қазақстанда 4 түрі (масақты үшқылтан, Литвинов үшқылтаны, Сібір үшқылтаны, Алтай үшқылтаны) кездеседі. Бұлар альпілік, субальпілік белдеулерде, ылғалы мол шалғынды жерлерде, ормандағы ашық алаңдар мен тоғайлардың шетінде өседі. Биіктігі 50 — 150 см. Сабағы түзу, жалаң, жылтыр. Гүлдері қосжынысты, аталығының саны үшеу. Гүлшоғыры шашыраңқы немесе масаққа ұқсас сыпыртқы. Масағы 2 — 4 гүлді, масақ қылтаны екеу. Маусым — шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. Үшқылтан — бағалы, құнарлы мал азығы. Кейбір түрлері мәдени өсіріледі.
Quick Facts Үшқылтан, Ғылыми топтастыруы ...
Үшқылтан | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Trisetum flavescens
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
75 түрі белгілі |
Close