![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d2/Kaseta_magnetofonowa_ubt.jpeg/640px-Kaseta_magnetofonowa_ubt.jpeg&w=640&q=50)
Үнтаспа
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үнтаспа (музыкальная кассета) - XX ғасырдың екінші жартысында кеңінен тарала бастаған ақпарат(дыбыс, әуен) тасушы магнитті таспа.[1] Ол дыбысты жазу және сандық ақпаратты сақтауға қолданылған. Жазба оған ені 3,81 мм, қалыңдығы әдетте 9-27 мкм болатын екі (моно) және төрт (стерео) магнитті таспада жүзеге асырылады. Таспаның қалыпты қозғалу жылдамдығы тыңдау барысында 4,76 см/с-қа тең. Ол 240 минуттық ақпаратты бойында ұстауға бейім болған. Көбіне магнитофондарда, музыкалық жүйелерде, кейбір музыкалық аппаратураларда және сирек компьютерлерде тыңдауға болады.