Үнем тәртібі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үнем тәрібі - қоғамдық өндірісті өркендету мүддесі үшін материалдық, ақша, еңбек және табиғи ресурстарды сақтап, ұтымды пайдалануға бағытталған социалистік шаруашылықты жүргізудің әдісі. Ол өндіріс тиімділігін арттырудың бастапқы шарттарының бірі болып табылады.
Бұл мақаланың бейтараптығын тексеру қажет. Пікірталас барысын талқылау бетінде қараңыз. Бұл хабарды талқылау шешілгенше дейін аластамаңыз. |
Капитализм жағдайында кәсіпорындар мен фирмалардың қожайындары жұмысшылардың денсаулығына зиян келетініне қарамастан техникалық қауіпсіздігін сақтауға, қалыпты еңбек етуге қажетті қаражаттың өзінен көбірек үнемдеуге тырысады. Олардың бір ған мақсаты бар: өздерінің жеке табысын көбейту. Капиталистердің үнем саясаты еңбекшілерді қанау жолымен жүзеге асырылады. Бұл қанау жолы қазіргі қоғамда да жоқ емес.
Социализм жағдайында өндіріс құралына қоғамдық меншік бүкіл еңбекшілердің еңбек пен материал ресурстарын үнемдіь жұмсауға ынталығын арттырады. Өйткені үнемделген қаражат өндіріс қарқынын арттырады. Осының арқасында әлеуметтік міндет шешіледі. Бұл еңбекшілердің инициативасын дамытуға, жаңашылдыққа, өнертапқыштыққа, өрістеуге жол ашады.
Үнем тәртібі демократиялық централизм принципіне сай негізделеді. Мемлекеттік тәртіп пен шаруашылық буындардың инициативасын ұштастырады. Бүкіл қоғам көлемінде шаруашылық шешімдерін қатаң келісім бойынша үйлестіре жүргізілуіне әсер береді.[1]