From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкен Зонд аралдары — Малайя топаралының құрамындағы (Индонезия, Малайзия, Бруней елдерінің бөліктері) бір топ аралдар. Суматра, Ява, Калимантан, Сулавеси, т.б. аралдар кіреді. Жалпы аумағы 1,4 млн. км². Үлкен Зонд аралдарының жағалауларын Үнді, Тынық мұхиттары мен олардың сыртқы теңіздерінің сулары шайып жатыр. Жер бедері негізінен таулы. Ең биік жері 4101 м (Калимантан аралындағы Кинабалу тауы); жанартаулық процестер дамыған. Климаты экваторлық, салыстырмалы ылғалд. жоғары (80 — 90%). Орташа айлық температура 24 — 25 С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 2000 — 3000 мм. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. Мәңгі жасыл экваторлық және тропиктік ормандарында ағаштың 2 мыңдай түрі, оның ішінде пальманың 300 түрі, гүлді өсімдіктің 24 мың түрі өседі. Жануарлардан піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабан, маймылдың түрлері, бауырымен жорғалаушылар мен құстардың көптеген түрлері мекендейді. Қалайы кентасы мен мұнайдың ірі кен орындары бар. Тропиктік егіншілік (күріш, кокос пальмасы, дәмдеуіштер өсіру, каучук өндіру) дамыған.[1]
Үлкен Зонд аралдары индон. Kepulauan Sunda Besar, Үлгі:Lang-su | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ірі аралы | Калимантан |
Жалпы ауданы | 1 500 000 км² |
Ең биік нүктесі | 4095 м |
Тұрғындар | 180 000 000 адам |
Халық тығыздығы | 120 адам/км² |
Орналасуы | |
2°48′51″ о. е. 110°18′32″ ш. б.2.81417° о. е. 110.30889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Архипелаг | Зонд аралдары |
Акватория | Тынық мұхит |
Елдер | Индонезия Малайзия Бруней |
Үлкен Зонд аралдары Ортаққорда |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.