Үкек

From Wikipedia, the free encyclopedia

Үкек

Үкек немесе Увек - Алтын Орданың басты қалаларының бірі. Ол қазіргі Саратов қаласының жанындағы Увек деревнясының маңында болған.

Thumb
Алты орда шекаралары
1389 жыл


14 ғасырдағы араб саяхатшы Ибн Баттура мен Абу-ль-Фида жазбаларында Үкек туралы деректер кездеседі. 14 ғасырдың бас кезінде Үкек өз теңгелерін соқты.
Зерттеу жұмыстары 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың бас кезінде жүргізілген. 1913 ж. А.А.Коротков жасаулы әйел жерленген мавзолейге (14 ғ.) қазба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары кезінде кан жүргізілген үй қалдықтары, қыш көрік, мұсылман мазарлары табылған. Үйлер негізінен күйдірілген және шикі кірпіштен салынып, кейде олардың қабырғалары ағаштан тұрғызылған. Сонымен қатар Үкек жұртына су құюға және астық салуға арналған науалар, тастан жасалған ыдыстар т.б. заттар табылған. Қала 14 ғасырды аяғында күйреген.[1]

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.