Құстардың арғы шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардыӊ арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөлініп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Динозаврлардың, крокодилдердің басқа рептилилердің топтарының арғы ататегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsuсһіа) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Ornithosuchia) болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп ал-дыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.

Thumb
Археоптерикс

Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ататегі емес. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және псевдозухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға маманданған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қабыршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл даму процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы, олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың “жылықанды” болуына себепші болған.

Құстардың нағыз тегініӊ қалдығы әлі табылмаған. Полеонтологиялық қазбалардың ішінде, рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.

Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері: денесі қауырсынмен қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің құрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан.

Археоптерикс пен археорнистің дене құрылысына жасалған талдау, олардың тіршілік әрекеттерінің қандай болғанына болжау жасауға мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік еткен, бірақ ұша алмаған. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы, төсінде қырлы сүйектің болмауы, сонымен қатар қанат сүйектерінің бетініӊ тегіс болуы, ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттіӊ болмағанын көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрылысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар салған болу керек. Әлсіз тістері жәндіктермен немесе жемістермен қоректенгенін адғартады. Артқы аяқтарыныӊ және жамбас белдеуініӊ құрылысына қарағанда жер бетінен гөрі, ағаштарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар екенін көрсетеді.

Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың екі ерекше топтарының: ихтиорнистер (Ichtyornis) мен гесперорнистердіӊ (Hesperornis) қалдықтары табылған. Гесперордистер ұшу-ға қабілеті жоқ, су құстары болған.

Қанаттары болмаған, алдыӊғы аяқтары иығының рудименті түрінде ғана болған. Төс сүйегініӊ қыры болмаған. Суда жақсы жетілген екі артқы аяғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі гагарларға ұқсаған. Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкіy, өйткені бұлардың қанат скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде биік қырлы сүйегі, жақтарында тістері болған.

Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстардың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жақын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қорытындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқтары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыршағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін, жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта — орман болып саналады.

Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы көптеген белгілері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды болуына себепші болған.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.