From Wikipedia, the free encyclopedia
Сүт қоректілерге қарағанда, құстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы, кұстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.
Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады.
Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына карай бұталы-орман құстары: жәндік жемділер, жеміс-тұқым жемділер, нектар жемділер деп бөлінеді. Қоректерін әр түрлі тәсілмен табады: тоқылдақтар мықты қашау сияқты түмсығымен ағаштардың қабығын тесіп, оның арасынан жәндіктерді және оның дернәсілін тауып жейді. Пищухилар — шиқылдауықтар, өрмелегішторғайлар, дүпілдектер ұзын, әрі жіӊішке тұмсығының көмегімен ағаштың қабығының жарықтарынан, саңылауларынан жәндіктерді және олардың дернәсілдерін теріп жейді. Дәнмен қоректенетін орман құстарының тұмсығы қысқарақ, формасы түрліше болады. Шекілдектер, пайызторғай, шымшықтар ұсақ дәндерді конус тәрізді сүйір және нәзік тұмсығымен шұқып алады. Емен тұмсықтылар қатты қабығы бар ірі тұқымдармен қоректенеді. Өйткені олардың қысқа болса да ірі, әрі қуатты тұмсықтары дәнді дән жарнағынан шығарып қана қоймай, оның сыртындағы қатты қабығын уатуға да мүмкіндік береді. Щуралар мен шыршаторғайлардың қылқан жапырақты ағаштардың бүрінен дәнін шығарып алуға бейімделген тұмсығы болады. Мысалы, щуралардың түмсығы төмен қарай иілген, ал шыршаторғайдьщ үстіңгі және астыңғы жақтары бір-бірімен айқасып тұрады. Жеміспен қоректенетін құстардың тұмсығы өсімдік жемісін үзіп алып, дәнінің қабығын жаруға ыңғайлы ірі, көпшілік жағдайда ұзын болады. Мұндай тұмсықты тукандардан, мүйіз тұмсықтылардан т. б көруге болады. Нектаржеушілерге — колибрилер, Африканың нектарницалары, Австралия-малайлық бал сорушылары сияқты құстар жатады. Бұлардың тұмсығы гүлдің түбіне қарай ене алатындай ұзын, әрі жіңішке, көпшілік жағдайда аздап иілген түрде болады. Тілі нектар соруға бейім бір немесе екі түтік іспеттес. Құстың мұндай экологиялық тобына жататындары өте нашар ұшады. Бірақ, ағаштың вегетативтік органдарымен өте тез өрмелеп жүре алады. Бұдан басқа орманда немесе қалың бұтада тіршілік етіп, ұясын ағашқа салғанымен қорегін ауада ұшып жүріп ұстайтын құстар да бар. Мысалы, шыбынқаққыш бұтақтарға қонып отырып, ұшып бара жатқан насекомдарды ұстап жейді. Олар ұшып бара жатқан жәндіктерді ұстау үшін өте тез ұшады және тез бұрылып ,әр түрлі қозғалыстар жасайды. Оны жеп болған соң, ағаштың бұтағына қайтадан келіп қонып, тағы да жәндіктерді күтіп отырады. Қаршығалар да ағашта тығылып отырып, ұшып бара жатқан құстарға тосыннан шабуыл жасап, ауад ұстайды. Шабуылыныӊ сәтті болуы олардың тез ұшуымен қатар, ауада тез, жеңіл бұрыла алуына да байланысты болады. Орманда және бұтада тіршілік ететін құстардыӊ кейбір түрлері қоректік заттарын ағаштан да, жерден де іздеп табады. Бірақ ұясын жерге салып, жерге қонақтайды. Бұған құрлар мен шілдер мысал бола алады. Жазда олар жемістермен, жәндіктермен қоректенеді де, қыста қорегін тек қана ағаштан табады. Қыста меңіреуқұр қылқан жапырақты ағаштың бүрімен қоректенеді, ал шілдер қылқанды ағаштыӊ тұқымымен, қайыңның бүршігімен, құрлар — қайыңның бүршігімен қоректенеді. Сондықтан қысқа қарай мұндай құстардың саусақтарының жиегінде қатты мүйізді өсінділер пайда болады да, тайғақ, мұз қатқан бұтақтарға нық отыруына мүмкіндік береді. Орман құстарының көпшілігі орман ағаштарының өсіп-дамуы үшін алуан түрлі әрекет етеді. Жәндікпен қоректенетін түрлері көптеген орман зиянкестерін жойып жібереді. Мысалы, тоқылдақтыӊ қарнын жарып карағанда, оның ішінен көптеген жапырақжемірлерін, слониктерді басқа зиянкестерді көрген. Өсімдіктермен қоректенетін құстардың көпшілігі, өсімдіктердің жер-жерлерге тарауына себепші болады. Құстар өсімдіктердің жемісімен бірге олардың тұқымын жегенде тұқым олардың ас қорыту жолында өзінің өсу қабілетін жоймай, құс саңырағымен екінші бір жерге түсіп, өне бастайды. Кейбір құстар, мысалы, сойкалар мен кедровкалар майқарағайдық жаңғағын топыраққа көміп қояды т. б. Нектар жеуші құстар өсімдіктердің айқас тозаңдануына себепші болады.
Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз ағашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағауларда мекендейді. Қорегініӊ көбін жер бетінен, тайыз балшықты сулардың түбінен табады. Жоғарыда көрсетілген биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бұл топқа жататын құстардың аяғы қауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.
тәрізді қызмет атқарады. Ұзын сирағы төніп келе жатқан қауіпті алыстан байқап, ұшып кетуіне мүмкіндік береді. Жақсы ұшады.
Бұларға — түйеқұстар, дуадақтар және тағы басқалары жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді.
Жүру қабілетінің артуына байланысты, олардың аяқтары ұзын ғана болып қоймай, саусақтары қысқарып, саны үшке дейін, кейбір түрлерінде екіге дейін азайған. Бұлардың мойны ұзын, көзі үлкен келеді. Бұл құстар қырағы, жауын алыстан көріп қашады. Бұлар өте сирек бұғып, жасырынады және сирек ұшады, ал түйеқұстар мүлдем ұшпайды. Бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді. Олар өсімдіктерді, ұсақ жәндіктерді жер бетінен шоқып, теріп жейді. Құстардың бұл тобына дуадақтар, түйеқұстар жатады.
Бұл екі топқа жататын құстар жерге ұялайды. Ұясын өте қарапайым етіп салады.
Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік тұмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әрбір түрінде түрліше болады. Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құймышақ безі жақсы жегілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады.
балта тұмсықтар, гагарлар, поганкалар жатады.
Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен шағалалары.
Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бөліктерін мекендейді. Нашар сүңгиді. Отырған жерінен бірден тік жоғары көтеріліп, жақсы ұшады. Бұталы, шөптесін су қоймаларында жиі кездеседі. Қаздардың сулы ортамен байланысы шамалы. Су жағасына ұялағанымен суға өте сирек түседі. Құрлықтағы өсімдіктердің тұқымымен, көк жасыл бөліктерімен қоректенеді. Аузындағы “сүзгі аппараты” үйректерге қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді.
Белгілі мекен ететін экологиялық ортасы болмайды, олар түрлі ортада: тоғайда, тауда, далада, батпақты жерлерде мекен ете береді.
Сұңқарлардың үлкен түрлері — лашын, сұңқар, кейбір ителгілер ауада ұшып жүріп жемдерін іздейді. Алыс жерден көрсе де қуып жетеді. Олар көбінесе үйректерді, көгершіндерді және балшықшыларды аулайды. Жемдерін ауада жүріп өлтіреді. Бұл кезде сұңқар одан жоғарырақ көтеріліп, үлкен жылдамдықпен жанап өте беріп, аяғының артқы саусағының тырнағымен кұстың мойнын шалып өлтіреді. Сұңқарлардың денесі жемін осы көрсетілген әдіспен аулауына бейімделген қанаттары ұзын және жіңішке, құйрығы керісінше, қаршығаларға қарағанда қысқа келеді. Сұңқарлар түрлі жерлерді мекендейді, бірақ жемдерін ашық жерлерден аулайды. Егерде каршыға жемін мысықтар сияқты аулайды десек, ірі сұңқарларды “ауадағы иттер” деп айтуға болады. Себебі, бұлар иттер сияқты қорегін қуалап жүріп ұстайды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.