From Wikipedia, the free encyclopedia
Қысқаша тұйықталу — электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы. Қысқаша тұйықталу электр қондырғылары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Токтың қуатты тұтынушылардын бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жайып тұрған оқшалауғыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болатын шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болады[1].
Қысқа тұйықталу - зиянды құбылыс. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар ток көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті токтар сымдарды қатты қыздыратындықтан - өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін. Олай болса, тұйық тізбекті құрайтын сымдар тек бір-бірінен ғана емес, сонымен қоса, Жерден, яғни қабырғадан, еденнен және тағы басқа заттардан жақсы оқшаулануы қажет.
Қысқа тұйықтау кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштардың міндеті - ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады. Бұлар - электр тогының тізбегіне тізбектей қосылатын өте жұқа мыс немесе қорғасын сымдар. Тізбек тұйықталған кезде ток электр тізбегінің есептелген шамасынан артып кетсе, сақтандырғыштар тізбекті ажыратып, қысқа тұйықталу қатерін болдырмайды.
Қысқаша тұйықталу кезінде ең бастысы қорықпау. Егерде сіздің үйде жарық өшсе ол міндетті түрде қысқаша тұйықталу болды деген сөз емес.Дегенмен барлық үй құралдарын,теледидарларды және т.б ток көзінен суырыңыз. Мүмкін барлық үйлерде сөндірілген болар.Сондықтан ең алдымен терезеге қараңыз.Егерде тек сізде сөнген болса онда сіз подъездке шығыңыз. Себебі қазіргі кезде көп сақтандырғыштар автоматикалық түрде қондырылған.Сондықтан сіз подъездегі ақ қорапшаға барып тумблердің жоғары көтеріліп тұрғанына көз жеткізіңіз.Егер ол төмен қарап тұрса жоғарыға қарай қосыңыз. Ол қосылғаннан кейін тумблер қайтадан төменге түсіп,айырылуы мүмкін. Бұның себебің электр тізбегінде бір жерде қателік бар. Бұндай кездерде мастерді шақырған жөн. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.