From Wikipedia, the free encyclopedia
Капуста ақ көбелегі(Pіerіs brassіcae) – капустаның және капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 – 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 – 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір – мамырда көбелек шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 – 200) капуста жапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 – 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан көбелектің кішкене жұмсақ қанаттары болады. Ол қанаттары қатайып, жазылғанша бірнеше сағат бір жерде отырады.[1]
Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды. Күресу шаралары: егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық және химиялық күрес шараларын қолдану. [2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.