From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырлы төсті құстар(ағылш. Neognathae) — желпуіш құйрықты құстардың отряд үсті тобы.
Негізінен, олар 28 — 30 отрядқа жіктеледі. Қырлы төсті құстар жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған әрі олардың түр құрамы да сан алуан. Оларды жыл маусымдарындағы тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жыл құстары, көшпелі құстар және бір орында қыстап шығатын (қоныс аудармайтын) құстар деп бөледі. Тіршілік ететін табиғи ортасына байланысты орман құстары, су-батпақты жердің құстары, ашық далалы жердің және теңіз құстары, т.б. деп бөлінеді. Қырлы төсті құстарды кейде жалпақ төс сүйектеріне байланысты кәдімгі ұшатын құстар деп атайды. Ірі жабын қауырсындарының мүйізді өзегінің екі шетінде тұтас пәрі (желпуіші) болады. Түтікті жіліктерінің ішінде ауа болатындықтан сүйектері жеңіл. Толарсақ сүйектері тұтасып жіліншік сүйегіне (цевка) айналған. Иық белдеуінде жауырын, қарға (коракоид) сүйектері жеке сүйектерден тұрса, бұғана сүйектері өзара қосылып кеткен әрі жақсы дамыған.
Құстардың бұл тобы ұшуға бейімделгендіктен бұлшық еттерінің негізгі бөлігі төс сүйегі қырының екі жағында шоғырланған. Әсіресе, ұшқан кезде қанатын түсіретін кеуде (көкірек) бұлшық еттері, құстың жалпы салмағының 20%-ына сәйкес келеді. Оның астыңғы жағында орналасқан бұғана асты бұлшық еттері кеуде бұлшық еттерінен едәуір кіші, ол құстың қанаттарын көтеру қызметін атқарады. Қыран құстардың төс сүйегінің қырын құсбегілер ер сүйек деп атайды. Сол арқылы құсбегілер қыран құстардың алғырлығын, қоңдылығын анықтайды. [1]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Neognathae |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.