From Wikipedia, the free encyclopedia
Қыраат (араб.: قراءة) деп Құран оқу тәсілдерін айтады. Оқу тәсілі (қыраат) және оқылу (харф) деген терминдердің арасында айырмашылық бар — қыраат деген бір-бірінен айырмашылығы аз Осман ибн Аффан жинаған Құран нұсқасының оқу тәсілі, ал «харф» дегеніміз әуелгіде түсірілген Құранның арабтардың жеті диалектісіне негізделген оқылулары[1] (бірақ бұл туралы басқа пікірлер де бар).
Құран туралы мақалалар | |
---|---|
Құран Кәрім | |
Құран Порталы | |
Тәпсірлер
Ибн Касир тәпсірі • Джәләләйн тәпсірі • әс-Сағди тәпсірі • әт-Табари тәпсірі • әл-Қуртуби тәпсірі • әл-Кашшаф Мәтіні
Аудармалар
• Қырааттар тізімі • Құран оқылуы (харф) • |
|
Құран порталы | |
Мәкки ибн Әбу Талиб айтқан:
«Бүгін қолданылып жүрген және бізге атақты ғалымдардан жеткен оқу тәсілдері Құран түсірілген жеті оқылудың (харф) біреуіне қатысы бар... Ал кім де кім Нафиғтің, Асымның және т.б. оқу тәсілдері хадисте айтылған Құранның жеті оқылуы деп ойласа, ол үлкен қате жіберуде»
— «Фатх әл-Бари» (9/39)
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Құран оқу тәсілдерінің бірнеше түрі бар, олардың ең таралғандары мыналар:
Шын мәнінде аталған Құран ғалымдары өз кезеңінің ең танымал әлі білгір Құран зерттеушілері болмаған, бірақ бастапқыда Құран оқу тәсілдері көбейіп кеткесін сол кездің атақты мұсылман ғалымдары халифаттың басты қалаларындағы оқу тәсілдерінің бірін таңдап, соны эталон ретінде қабылдаған[2].
Бұл қырааттардың пайда болу себебі Ибн Әбу Һишамның айтуынша бастапқыда Осман ибн Аффанның кезінде жинақталған Құран нұсқалары мұсылмандар мемлекетінің аймақтарына жіберілген ол жақтағы адамдар Құран оқуды сахабалардан үйренген және соның себебінен айырмашылығы аз бірнеше Құран оқу тәсілі пайда болды. Бірақ бұл оқылулар Құран мағынасын өзгертпей, Осман жинаған және барлық сахабалар растаған Құран нұсқасына негізделген[3].
Қазіргі кезде Құран оқу тәсілдерінің ішінен Хафстың Асымнан жеткізген қырааты ең танымалы саналады және Құран мусхафтарының көбісі осы оқылуға сай жазылған. Мысырдан басқа Африка елдерінде Уарштың Нафиғтан жеткізген қырааты танымал. Ал Әбу Амрдың қырааты тек Суданның кей аудандарында қолданылады. Айта кетерлігі Құранның барлық қырааттары қабылдана бермейді және олардың жету санатын білмейінше Құранды оларға сәйкес оқуға болмайды. Сонымен қатар кей қырааттар тек бір жолмен ғана жеткесін қабылданбай, «шазз» (ақауы бар) саналады[4].
رواية ورش عن نافع | رواية حفص عن عاصم | Хафс қырааты | Уарш қырааты | Сүре |
---|---|---|---|---|
يَعْمَلُونَ | تَعْمَلُونَ | сендер амал етесіңдер | олар амал етеді | әл-Бақара сүресі 2:85 |
مَا تَنَزِّلُ | مَا نُنَزِّلُ | Біз түсірмейміз | Сен түсірмейсің | әл-Хиджр сүресі 15:8 |
قُل | قَالَ | ол айтты | айт! | әл-Әнбия сүресі 21:4 |
كَثِيرًا | كَبِيرًا | үлкен | көп | әл-Ахзаб сүресі 33:68 |
بِمَا | فَبِمَا | — | — | әш-Шура сүресі 42:30 |
نُدْخِلْهُ | يُدْخِلْهُ | ол оны кіргізеді | Біз оны кіргіземіз | әл-Фатх сүресі 48:17 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.