From Wikipedia, the free encyclopedia
Қынагүл немесе шыңқетер, шытырлақ (лат. Impatiens) – қынагүл тұқымдасына жатады. Отаны – тропикалық Африка аймақтары. Гүлдің 850-дей түрі белгілі. Сабақтарының биіктігі 40-50 см, тік орналасқан, сулы, жартылай мөлдір. Жапырақтары ұзыншақ сүйір болып келген, жиектері майда аратісті, түсі ақшыл жасылдан, қою жасыл аралығында. Гүл күлтелері жай және гүлпарлы, ал түстері күлгін, ақ, қызыл, ақшыл көк, қызғылт болады. Мол әрі ұзақ көктемнен күзге дейін гүлдейді.
Қынагүл | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Жарық мол түсетін жерге орналастыру керек. Бірақ тіке күн сәулесінен қорғау қажет.
Қыста 18ºС төмен түспегені абзал.
Жаз айларында топырағы ылғалды болып тұрғаны абзал, қыста суды топырағының беткі қабаты құрғағанда ғана құю керек.
Жапырағына су бүркіп тұру қажет. Гүлдеп тұрған кезінде гүлін қалқалап барып су бүрку керек, әйтпесе су тамшылары гүл күлтелерінде дақ қалдырады.
Көктемнен күзге дейін гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріледі.
Ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.
Қалемшелеу, тұқымы арқылы көбейтеді.
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.