From Wikipedia, the free encyclopedia
Қылаң жапалақ (лат. Otus brucei) – Жапалақтәрізділер отрядының Нағыз жапалақтар тұқымдасына жататын Маубас жапалақшалар туысы құстардың бірі.
Қызғылтсары сайрақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||||
O.b. brucei |
Қылаң жапалақтың пішіні кішкентай, түсі ақшыл, салмағы 100 г шамасында болады. Қазақстанның оңтүстік пен шығыс аймағындағы ормандарда мекендейді. Бұлар көбінесе Сырдария өзені жағалауында кездеседі. Жәндіктермен, ұсақ құстармен және кеміргіштермен қоректенеді. Наурыз айында ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді.[1]
Мұның негізгі мекені шөл зонаның - бақ, тынымбақ немесе өзендер аңғарындағы тоғайлы ормандардың жиегіндегі мәдени табиғи көріністі ормандар. Алдыңғы және Орта Азия шөл зонасының өзендерін бойлай өскен тоғайға қоныстанады. Қазақстанда ол негізінде Іле және Сырдария өзендері алаптарында мекендейді. Оның ұя салуы үшін ағаш қуыстары қажет, алайда кейде сауысқандаодың ескі ұясына да ұялайды. Тек қана түнде белсенді өмір сүреді, ал күндіз ағаш діңінде тынығады. Реңі ұқсас болғандықтан, көзге бірден шалынбайды. Ұясына өте сақ болады. Наурызда ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді[2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.