Қызыл шие

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қызыл шие

Қызыл шие (лат. Сerasus avіum) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Ағаш бөрікбастарының биіктігі 4–8 м (кейде 10–20 м), орталығы діңгектің жуандығы 50–60 см. Гүлдері ірі, ақшыл-қызыл. Ағаштарының өмір сүру ұзақтығы 50 – 80 жыл. Өнімді тікпе көшеттері отырғызылғаннан кейін 4–6 жылдардан соң береді. Гектарынан орта есеппен 80–150 ц өнім алынады. Жемісі ерте піседі (15–25 мамыр аралығында). Жемісі етті, тәтті, ақшыл, ақшыл-қызыл, сары, кейде өте қызғылт, қарақошқыл түсті келеді. Жемісінде 7–15% қант (глюкоза, фруктоза), 0,36–1,13% түрлі қышқылдар, С витамині (дәрумені) болады. Жемістері жасаң күйінде және тосап, шарап, шырын ретінде пайдаланылады. Тұқымында 30%-ға дейін май болады, олар парфюмерияда қолданылады. Еуропа мен Азия елдерінде, оның ішінде Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Жапония, Әзірбайжан, Украина, Ресей, т.б. мемлекеттерде, облыс жерінде көп өсіріледі. Негізгі сорттары: Драгана желтая, Бахор, Айгерім, Ләззат, т.б.[1]

Сілтемелер

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Тағы қараңыз

Шие ағашы. Гүлденген ағаштың жалпы түрі


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.