From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызылтаңдай (Roemeria) - көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Биіктігі 10-60 см, жапырағы қандауыр пішінді, қауырсын салалы, тілімделген, қарама-қарсы немесе кезекті орналасқан. Гүлі күлгін, ашық қызыл, жеке-жеке орналасқан. Сәуір-маусым айларында гүлдейді.
Қызылтаңдайдың Еуропа мен Азияда таралған 9, Ресей мен Қазақстанда тараған 2 түрі кездеседі.
Қызылтаңдай көбіне тау беткейі, құмды жерлер, бау-бақша, егістік жерлерде арам шөп түрінде өседі. Қызылтаңдайдың құрамында эфедрин, ремерин алколоидтары бар. Бұдан дәрі жасалады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.