Қызылтау – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау.
Қызылтау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
65 км |
Ені |
10-15 км |
Биіктігі |
1055 м |
Орналасуы | |
50°24′53″ с. е. 76°08′10″ ш. б.50.41472° с. е. 76.13611° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында, Баянаула тауларынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде |
| |
|
Географиялық орны
Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында, Баянауыл тауларынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Еспе өзенінің аңғарынан Балатүндік өзенінің аңғарына дейін 65 км-ге созылып жатыр. Ені 10 — 15 км. Абсолюттік биіктігі 800 м.
Жер бедері
Күмбез, шошақ тәрізді денудациялық аласа таулар мен ұсақ шоқы, төбелер тобынан тұрады. Ірі таулары: Қарақуыс (764 м) пен Әулие (1055 м). Беткейлері сайлармен тілімделген. Етегінде бұлақтар бар.
Геологиялық құрылымы
Таулар соңғы тас көмір, пермь кезеңдерінің граниттерінен, төменгі және орта девон жыныстарынан түзілген. Тау етектерін төрттік дәуірдің делювийлік-пролювийлік шөгінділері жауып жатыр.
Өсімдігі
Қызылтаудың қоңыр топырағында қараған, тобылғы, сұлыбас, қылқан селеу, бетеге, жусан өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.