From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызылсу – Ертіс алабындағы өзен.
Қызылсу | |
---|---|
Ертіс алабындағы Қызылсу өзені | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 185 км |
Су алабының ауданы |
3280 км² |
Су алабы | Ертіс өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Бесшоқы тауының батыс бөлігіндегі бұлақтар |
• Координаттары | 49°24′20″ с. е. 82°19′34″ ш. б.49.40556° с. е. 82.32611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Ертіс өзені |
• Орналасқан жері | Қызылқорған қирандысының батысы |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай облысы Жарма және Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандары |
Абай облысы Жарма және Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 185 км, су жиналатын алабы 3280 км2, жалпы ұзындығы 172 км болатын 51 саласы бар. Өзен алабында аумағы 1,1 км2 болатын 2 көл жатыр. Ірі салалары: Ақтасты, Жантас, Шилі, Алаайғыр, Қарабұға, Жаңғызағаш, Күйелі, т.б.
Бастауын Бесшоқы тауының батыс бөктеріндегі бұлақтардан алып, Қызылқорған қирандысының батысында Ертіс өзеніне құяды.
Қызылсу ауылынан Шалабай ауылына дейінгі жоғарғы ағысы және орта ағысының жағалауы жартасты, жарқабақты және жарлауытты келген. Төменгі ағысында арнасы кеңейіп, алабы сайлы-жыралы келеді. Сағасында ені 10-15 км болатын жайылма құрайды. Өзен бойында елді мекендер көп, алабы жақсы игерілген. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Арнасында жыл бойы ағын болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.