Қоңырот

Қоңырот (bluegrass) (Роа) астық дақылдары тұқымдасының ған бір немесе көпжылдық жіңішке жапырақты шөптерінің ішіндегі кең тараған түрі (Роасеае, или Gramineae). Шабындықтар мен жайылымдарда өседі және мал жеміне ретінде пайдаланылады. Бір қалыпты және салқын климатты аймақтарда шамамен 250 түрі кездеседі. АҚШ-да 50-ден аса түрі кездеседі. Бұл дақылды өсімдіктердің гүлшоғырында ұсақ қылтанақсыз масақтар болады. жіңішке жапырақтарының төбесі пішіні жағынан қайыққа ұқсайды. Солтүстік Америкадағы бұл өсімдіктің ең танымал түрі – шабындық қоңыроты (P. pratensis). Оның жапырақтары көкшіл-жасыл түсті, оны солтүстік Америкада жайылымдар мен көгал алаңдарына арнайы егеді. Қоңыроттың осы түрі шабындықтармен жолдың екі жағында жиі кездеседі. Техас қоңыроты, (P. arachnifera), қой шөбі (P.fendleriana) мен жазықтық қоңыроты (P. arida) — АҚШ-дағы маңызды жем шөптері болып табылады. Біржылдық қоңырот (P. annua) — бұл аса үлкен емес ашық жасыл түсті өсімдік, ол көгал алаңына түссе арамшөп деп саналады.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.