From Wikipedia, the free encyclopedia
Қорғау (Защита; protection, security, lock out) — есептеу жүйелерін тұтастай не жекелеген бөліктерін қолдануды немесе оларға қатынас құруды шектеу құралы; программаларға немесе мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудың заңдылық, ұйымдастыру және техникалық, сондай-ақ программалық сақтық шаралары.
Вирустан қорғау (Защита от вирусов; virus protection) — машиналық файлдарда компьютерлік вирустардың пайда болуына қарсы қолданылатын программалық құралдар мен шаралар жиынтығы.
Жадты қорғау (Защита памяти; memory protection) — жадтың қандай да бір аймағын оны қолданудан сақтайтын программа ішіндегі код.
Жазудан қорғау (Защита от записи; write protection) — мәліметтерді жазу амалын орындау үшін файлға қатынас құруға тыйым салу. Бұл жағдайда мәліметтерді тек оқуға болады.
Жүйені қорғау (Защита системы; file security) — қ. Мәліметтерді қорғау.
Көшіруден қорғау (Защита от копирования; copy protection) — дискіге немесе таспаға көшіргізбейтін жүйе. Қорғалған программалы дискіде стандартты құралдармен көшіру кезінде жойылатын кодталған ақпарат (кілт) болады. Кілт болған жағдайда ғана қорғалған программа іске қосыла алды.
Криптографикалық қорғау (Криптографическая защита; cryptographical security) — шифрлау (кодтау) тәсілімен мәліметтерді қорғау.
Қатеден қорғау (Защита от ошибок; error protection) — қателіктерді анықтау және жөндеу кодтарын пайдалану; алдыңғы амалдардың орындалу дұрыстығын тексеру әрекеті; аргументтердің мүмкін мәндерін тексеру.
Мәліметтерді қорғау (Защита данных; data protection (security) — мәліметтерді өңдеу жүйелерінде мәліметтердің даналарына немесе типтеріне қойылған шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық, техникалық тәсілдер және құралдар.
Оқудан қорғау (Защита от чтения; write protection) — мәліметтерді оку үшін файлға қатынас құруға тыйым салу. Бұл жағдайда мәліметтерді тек жазуға болады.
Пайдаланушылардың құқын қорғау (Защита прав пользователей) — программалар мен мәліметтерге қажетті уақытта кедергісіз қатынас құруға және олардың мәліметтерін басқа адамдардың пайдалануынан сақтандыруға бағытталған ережелер, әдістер мен құралдар жиынтығы.
Парольмен қорғау (Защита паролем(с помощью пароля); password protection) — мәліметтерге қатынас кұру үшін пароль енгізуді талап ететін мәліметтерді қорғау тәсілі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.