From Wikipedia, the free encyclopedia
Қорғас – Іле алабындағы өзен. Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара бойында орналасқан.
Қорғас өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 176 км |
Су алабының ауданы |
1310 км² |
Су алабы | Іле өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Бежінтау жотасының оңтүстік-шығысындағы Қорғас тауының (Қытайда) солтүстік баурайы |
• Координаттары | 44°42′26″ с. е. 80°12′27″ ш. б.44.70722° с. е. 80.20750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Іле |
• Координаттары | 43°49′25″ с. е. 80°31′19″ ш. б.43.82361° с. е. 80.52194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан (Жетісу облысының Панфилов ауданы), Қытай |
Жетісу облысының Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 1310 км2. Жалпы ұзындығы 270 км-ден асатын 170-тен астам салалары бар. Қазақстандағы ең ірі салалары: Күзембайсай, Нанзышоқы (Қарасу), Шұқырбұлақ, Желдісай, т.б.
Бастауын Бежінтау жотасының оңтүстік-шығысындағы Қорғас тауының (Қытайда) солтүстік баурайынан алып, Іле өзенінің оң жағынан құяды.
Жоғарғы ағысы тар шатқалмен ағып, Басқұншы ауылы тұсында таудан шығып, ағысы баяулайды, аңғары кеңейеді. Көп жылдық орташа су ағымы Алмалы өзені сағасынан төменде 16,5 м3/с. Басқұншы, Алмалы ауылдары тұсынан бірнеше каналдар (Бозарық, т.б.) тартылған. 20-ға жуық шағын салалары бар. Жағалауы мал жайылымы.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.