From Wikipedia, the free encyclopedia
Қорым[1]– ертедегі ғұрыптық жерлеу орны. Қорым, негізінен, тастан қаланып, кейде топырақтан тұрғызылған немесе қиыршық тастан үйіп жасалған бірнеше обалардан, қорған-қоршаулардан тұрады.[2] Мұндай жерлеу орындары көбіне шығыстан батысқа қарай қатар орналасады. Қазақстанда қола, темір дәуіріне жататын қорымдар біршама зерттелген. Мысалы, Бесшатыр Қорымы үлкенді-кішілі 31 обадан, Бесоба Қорымы 12 обадан, Жуантөбе Қорымы (Іле өзенінің сол жағалауы) 300 обадан, Берікқара Қорымы (Талас өзені бойы) 500 төмпешіктен тұрады. Кейде обалардың диаметрі 100 метрден, биіктігі 20 метрден асады. Үйінді астында тас жәшік, циста, ағаштан жасалған төртбұрышты немесе дөңгелек саркофагтар да кездеседі. Қорымдардағы ескерткіштер мен табылған әшекей заттар, бұйымдар байырғы тұрғындардың әлеуметтік даму деңгейін, дүниетанымын, қоғамдық қатынастарын анықтауға мүмкіндік береді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.