Қозғалыс мөлшері, импульс – механикалық қозғалыс өлшеуіші. Материалдық нүктенің қозғалыс мөлшері оның массасы (m) мен жылдамдығының (υ) көбейтіндісіне тең:
.
Ол – нүктенің жылдамдығымен бағыттас векторлық шама. Нүктенің қозғалыс мөлшері тек күш әсері жоқ кезде ғана тұрақты болады. F күш әсерінен нүктенің қозғалыс мөлшері жалпы жағдайда шамасы бойынша да, бағыты бойынша да өзгереді; бұл өзгерістің сипаты механиканың негізгі теңдеуі болып =F өрнегімен анықталады. Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері (Q) оның барлық нүктелерінің қозғалыс мөлшерлерінің геометриялық қосындысына тең немесе тұтас жүйе массасының (М) массалар центрінің жылдамдығына (υц) көбейтіндісіне тең: Q=∑mkυk=Mυц.
Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгерісі тек сыртқы күштердің () әсерінен ғана болады. Бұл өзгеріс заңы, динамиканың көптеген мәселелерін шешуге қолданылатын, жүйенің барлық нүктелерінің қозғалысы анықталатын теңдеуімен беріледі. Тұйық жүйе үшін, яғни сыртқы күш әсер етпейтін жүйелерде немесе жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің геометриялық қосындысы нөлге тең болғанда қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы орындалады. Релятивистік механикада қарастырылатын жарық жылдамдығына (с) жуық жылдамдықпен қозғалатын еркін бөлшектің қозғалыс мөлшері (импульсі) мына формула бойынша өрнектеледі: p=mυ/, мұндағы =υ/с. Егер υ<<c болса, онда бұл формула мынадай қарапайым түрде жазылады: p=mυ. Элементар бөлшектердің қозғалыс мөлшері кванттық механикада қарастырылады. [1]
Пайдаланылған әдебиет
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.