Қатысушы:Dastan omirbek/ATP Masters 1000 туры
From Wikipedia, the free encyclopedia
ATP Masters 1000 туры[1] (ағылш. ATP Tour Masters 1000)-бұл жыл бойы Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) өткізетін тоғыз теннис турнирінің сериясы.
Ерлер теннисінде дәрежесі бойынша Үлкен Шлем турнирлерінен кейінгі екінші орында.
Рекорд иесі - Новак Джокович, ол "ATP Masters 1000" турының жекелей сынында 40 рет жеңіске жеткен. 2018 жылы барлық тоғыз "ATP Masters 1000" турнирін алғаннан кейін, Джокович мансапта "Алтын Masters(Golden Masters)" жеңіп алған алғашқы және жалғыз ойыншы болды. 2020 жылы Джокович екінші рет мансабында Golden Masters иеленді.
Ағайынды Брайандар (Боб және Майк) команда ретінде рекордтық 39 жұптық титулды жеңіп алды. Даниэль Нестор мен ағайынды Брайан - Golden Masters иеленген ойыншылар.