From Wikipedia, the free encyclopedia
Қасым шаһзада (түр. Şehzade Kâsım; 1614 — 1 қаңтар 1638) — I Ахмет пен оның сүйікті күңі Көсем сұлтанның ортаңғы ұлы, IV Мұраттың інісі.
Қасым шаһзада | |
түр. Şehzade Kâsım | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Әкесі | |
Анасы |
Қасым шаһзада Ι Ахмет пен оның сүйікті күңі Көсем сұлтан шаңырағында дүниеге келді[1].
1617 жылы I Ахмет қайтыс болғаннан кейін таққа оның ағасы II Осман отыру керек еді, ал шаһзада мен оның аға-інілерін, Фатих заңы бойынша, өлім жазасы күтіп тұрды[2]. Алайда осыдан бірнеше жыл бұрын I Ахмет ұлдары туса да өз інісі I Мұстафаға өмірін сақтап қалды. Тарихшылар Мұстафаның психикалық аурулары үшін таққа кауіп төндіруге қабілетсіз болғандықтан I Ахмет өлтірмеді деп санайды. Тағы бір себеп: Көсем өзінің балаларынның болашағына қауіптенгендіңтен Ахметті көндірді, себебі болашақ сұлтан Османның анасы басқа әйел еді, ал бұл Қасым үшін үлкен қауіп туғызды. Нәтижесінде, әкесінің өлімінен кейін таққа оның есалаң көкесі I Мұстафа отырды[3].
Баласыз I Мұстафаның басқармасы қысқа болды: 1618 жылы төңкеріс нәтижесінде II Осман таққа шықты. Көсем сұлтанның әсері осы жолы да балаларының өмірін сақтап қалуға көмектесті. Төрт жылдан соң, кезекті төңкеріс орын алды: Осман құлатылып, өлтірілді. 1623 жылы Мұстафаны екінші рет тақтан түсірді. Таққа өзінің Қасымның туған ағасы IV Мұрат отырды. Алайда 1638 жылы Қасым IV Мұрат бұйрығы бойынша өлтірді. Қасым Айя София мешітінің [4] жаңындағы III Мұрат мазарында жерленді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.