From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарта – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Содан кейін оның ішіне майлы еттерді тығады. Етті дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады. Қарталы айналдырып болған соң ішектің екі ұшын істікпен түйреп, жіппен қосақтап байлайды. Бұдан соң ыстан сүрлеуге арналған қарталы бойына тұзын сіңіріп, салқын жерге (2—4 градус) 1—2 күн қояды. Қартаны 12—18 сағат бойы 50° жылылықта ұстап, түтінге ыстайды. Содан кейін 12—15° дәрежеде 2—3 күн сақтап кептіреді. Қартаны пісіру үшін салқын суға жуып, қазандағы 30—35° жылы суға салып, отты баяулатып әбден піскенше 1,5—2 сағат қайнатады. Қартаны асқан етке қосып береді.
Бұл - жылқының тоқ ішегі. Семіз жылқының қартасы да айналдырғанда ішегіне симай тырсылдап тұрады. Қазымен дәрежесі бірдей ас. Пияз, бұрыш,тұзын келістіріп аударылған қарта салқын күйінде дөңгелетіп, майын томырылта турап, салқын ас күйінде де (қазымен бірге жүреді), табақтағы етпен бірге де ұсынылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.