Қарсақ мұнай кен орныАтырау облысы Мақат ауданы, Мақат кентінен оңтүстікке қарай 70 км, Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан 18 км жерде орналасқан. Кен орны бұрғылау жұмыстары нәтижесінде 1948 жылы ашылған, 1960 жылдан пайдаланылуда.

Quick Facts
Қарсақ мұнай кен орны
47°00′15″ с. е. 53°13′18″ ш. б.47.0041387° с. е. 53.22155° ш. б. / 47.0041387; 53.22155 (G) (O) (Я)
Ел Қазақстан
АймақАтырау облысы
Ашылған уақыты1948 жыл
Thumb
Қарсақ мұнай кен орны

<imagemap>: 2 жолдағы кескін жарамсыз, әрбір жол мынаның біреуінен басталу қажет:

Қарсақ мұнай кен орны
Close

Геологиясы мен сипаты

Кен орны үш қанатты тұз күмбезі құрылымнан орын алған. Бұл құрылымның ендік бағытта созылған тұз ядросының екі төбешегі бар, олар 700-800 м тереңдікте жатыр.

Қарсақ мұнай кені аумағында төменгі пермь кезеңінен жоғары апт, неокомге дейінгі шөгінділер (жалпы қалыңдығы 1800 м) тараған. 1952-1960 жылдары жүргізілген терең бұрғылаудан кейін жоғарғы және төменгі бор қабаттарында өндірістік маңызы бар мұнай горизонттары анықталды. Мұнайы мол шоғырланған батыс қанат 9 мұнайлы горизонтқа бөлінген.Шөгінді жыныстардан құралған мұнайлы қабаттардың жалпы қалыңдығы 4 – 32 м. Коллекторларының ашық кеуектілігі 25-30%, өткізгіштігі 1,03-2,34 мкм2. Бастапқы қабаттық қысым 1,8 – 7,2 МПа, температурасы 25 – 35°С. Мұнайдың тығыздығы 0,826 – 0,933 г/см3.

Құрамы

Мұнай құрамында:

Ілеспе газдың құрамы:

Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1,091-1,670 г/см3, минералдары 135,2-253,6 г/л.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.