![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b5/Black_Panther_convention2.jpg/640px-Black_Panther_convention2.jpg&w=640&q=50)
Қара күш қозғалысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қара күш қозғалысы (ағылш. Black Power movement) — АҚШ-тағы нәсілдік мақтанышты, экономикалық кұштілікті және саяси-мәдени институттарды құруды дәріптейтін қара нәсілдділер қозғалысы.
Қара күш қозғалысы | |
Black Power movement | |
![]() Қара қабылан Вашингтондағы Линкольн мемориалында, 1970ж маусым | |
Құрылуы | |
---|---|
1960– | |
Ыдырау | |
1980 жж құлдырады | |
| |
| |
Азаматтық құқықтар қозғалысынан бастау алатын Қара күш қозғалысында қара тәнді белсенділер саяси лоббиден бастап қарулы күреске дейінгі өзін-өзі қорғау мен дәіптеудің талай түрін сынақтан өткізді. "Азаматтық құқық қозғалысының реформалық және бейбітшілік элементтері нәсілдік қатынастарды түзетуге пайдалы болмады" деген пікір Қара күш қозғалысының негізгі бір көзғарасы болды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d9/Black_Panther_March.jpg/320px-Black_Panther_March.jpg)
Қара күш қозғалысы қара тәнділердің өз-өзін қор көру сезімін жойып, қауіпсіздікті және өз-өзіне сенімділікті қалыптастыруды, қара тәнділердің тұрмыс сапасын көтеріп, экономикалық қолжетімділікті іске асыруды көздейді. Олар қара тәнділерге арналған кітап дүкендерін, азық-түлік кооперативтерін, фермаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, баспахана, мектеп, емхана және жедел жәрдем қызметін құруды қолға алды.[1][2][3][4][5][6] Бұл қозғалыстың халықаралық әсерінде Тринидад және Тобагодағы Қара күштер төңкерісі туылды.[7]