Қара кірпі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қара кірпі – Қазақстанда тек Маңғыстау түбегі мен үстірттің батыс шоқысын бойлай мекендейді.
Quick Facts Қара кірпі, Амандық күйі ...
Қара кірпі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Paraechinus hypomelas (Brandt, 1836) | ||||||||||||||
Close
Бұл сирек кездесетін жануар 1995 жылы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Денесінің ұзындығы 20-25 см, салмағы 550-750 г. Құлақты кірпіден айырмашылығы денесі ірілеу, инелері ұзын (40 мм) және басында маңдайынан шүйдесіне дейін созылған жіңішке сына тәріздес инесіз бос жері болады. Бұл кірпінің қара және ақшыл түрлері болады: ақшыл түсті кірпінің инелері ғана емес, денесінің екі шетіндегі түктері де ақ болады.Іні 1 метр тереңдікте және бірнеше шығу тесіктері болады.Мамырда-маусымда ұрпақ береді. Негізінен жәндіктермен қоректенеді, күніне 110 жәндік, сирек бауырмен жорғалаушылар және кеміргіштерді де жейді.[2]