![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/da/Milvus_migrans_-Kathmandu%252C_Nepal-444.jpg/640px-Milvus_migrans_-Kathmandu%252C_Nepal-444.jpg&w=640&q=50)
Қара кезқұйрық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қара кезқұйрық (лат. Milvus migrans) – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Қара кезқұйрық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Milvus migrans (Boddaert, 1783) | ||||||||||||||
![]() Black and Yellow-billed Kite ranges.
Orange: summer only Green: all year Blue: winter only | ||||||||||||||
Түршелері | ||||||||||||||
5 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c9/Milvus_migrans_MHNT.ZOO.2006.11.86.jpg/640px-Milvus_migrans_MHNT.ZOO.2006.11.86.jpg)
Қазақстанда кең тараған (тек ормансыз жазықтар мен өте биік таулы аймақтарда кездеспейді).
Шәулісінің қанатының ұзындығы 41 – 51 см, құйрығының ұзындығы 25 – 28 см, ұябасары сәл ірілеу. Салмағы 1000 г-ға жетеді. Басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы байқалады. Арқасы қара қоңыр, қоңыр сұр түсті, басы ақшылдау, ал бауыры – ұзына бойына орналасқан қара дақты, сарғыш қоңыр. Ұшып жүргенде қанат астындағы ақ дақ жақсы көрінеді. Жас құстардың реңі басқаша: қауырсындары бурыл, денесі қызғылт қоңыр теңбілді және құйрық қанаттарының ұшы ақ. Кезқұйрық – жыл құсы. Наурызда Қазақстан аумағына ұшып келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына (негізінен еменнің), жартасқа ұялайды. Ондағы 2 – 3 жұмыртқаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары 45 күннен кейін ұядан ұшады. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа – Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Әлсіз жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі – жануарлар өлексесі, ұсақ кемірушілер, тауықтәрізділер мен су құстарының балапандары, кесірткелер, жыландар, бақалар, су бетінде қалқып жүрген өлі балықтар, моллюскілер. Өлексені, т.б. қалдықтарды, зиянды кемірушілерді жеп пайда келтіреді.[2]
Дереккөздер
- BirdLife International Milvus migrans. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2009.2. International Union for Conservation of Nature (2009). Тексерілді, 15 ақпан 2010.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9