Қарақозы Әбдәлиев (1908, Төле би ауданы – 22.10.1943) – Кеңес Одағының Батыры[1] (1.11. 1943), гвардия лейтенанты.

Ұлы жүздің Сіргелі руынан шыққан. Сіргелі тайпасының Тутаңбалы руынан шыққан.

2-дүниежүзілік соғыс кезінде 126-горловтық дивизияның 690-атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысқан. Мелитополь қаласы үшін болған ұрыста Әбдәлиев өз взводымен дұшпан бекінісіне шабуыл жасап, 17 үйді жаудан босатты, фашистердің оқ жаудырып тұрған 23 ұясын, 60-тан астам гитлершілді жойды. Көше бойындағы жекпе-жек шайқаста сол қолынан жараланғанына қарамастан, Әбдәлиев қаптап келе жатқан жау танкілеріне пулеметтен оқ жаудырды, тұтанғыш гранаталар лақтырып, олардың бірнешеуін істен шығарды. 20-дай автоматшыны өлтірді. Осы ұрыста Әбдәлиев қол созым жерден жау танкісіне гранат лақтырып, қаһармандықпен қаза тапты.[2][3]

Дереккөздер

  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Абдалиев Каракозы. www.warheroes.ru. 2018-01-31.
  3. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.