![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1e/Shishkin%252C_Ivan_-_Morning_in_a_Pine_Forest.jpg/640px-Shishkin%252C_Ivan_-_Morning_in_a_Pine_Forest.jpg&w=640&q=50)
Қарағай орманындағы таң
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қарағай орманындағы таң» — орыс суретшілері Иван Шишкин және Константин Савицкийдің суреті.
Quick Facts
| |
Иван Шишкин, Константин Савицкий | |
Қарағай орманындағы таң, 1889 | |
Утро в сосновом лесу | |
кенепте, майлы бояу. 139×213 см | |
Третьяков галереясы, Мәскеу |
Close
Савицкий аюларды салған болатын, бірақ коллекционер Павел Третьяков оның қолтаңбасын өшірген, сондықтан сурет авторы болып көбіне Шишкин белгіленеді. Бұл пейзажға анималистік мазмұнның элеметтерінің сурет композициясына кіріктірілгенінің арқасында сурет өте танымал. Жұмыс суретшінің Гордомля аралында көрген табиғат жағдайын егжей-тегжейлі бейнелейді. Қалың ну орман емес, ұзын ағаштардың арасынан өтіп бара жатқан күн нұры көрсетіледі. Сайлардың тереңдігі, ғасырлық ағаштардың қуаты, күн шуағының бұл қалың орманға кіріп бара жатқаны сезіледі. Таңның атып бара жатқанын ойнап жатқан қонжықтар да сезіп жатыр.