From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарағайлар Тұқымдасы (Pіnaceae) – мәңгі жасыл, бір үйлі, қылқан жапырақты өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жарты шарда өсетін 10 – 11 туысы, 250-дей түрі бар. Қазақстанда 4 туысы (самырсын, шырша, балқарағай, қарағай) 6 түрі кездеседі. Қарағайлар Тұқымдасының биіктігі 50 – 65 м-дей. Қылқан жапырақтары ине немесе қауырсын тәрізді, бұлар ұзын өркендерінде жеке-жеке, ал қысқа өркендерінде шоғырланып орналасады. Қарағайлар Тұқымдасының аталықтары – масақша, көп жағдайда дара болады, әр аталығында 2-ден тозаңдық бар. Аналығында 2 тұқым бүрі болады, оның ұзындығы 1,5 – 50 см, ол негізінен бірінші жылы піседі (мыс., балқарағайда, т.б.) ұрықтанғаннан кейін осы тұқым бүршіктері тұқымға айналады. Тұқымының қанатты қабыршақтары қалың, бос жатады. Тамыр жүйесі өте жақсы жетілген, олар көп жағдайда қалпақты саңырауқұлақтардың жіпшумағымен селбесіп (микориза) өседі. Қарағайлар Тұқымдасынан құрылыста, темір жолда, жиһаз жасауда қолданылатын өте бағалы сүрек алынады. Қылқан жапырағының шипалық қасиеті бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.