Қарауыл
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарауыл– қару-жарақ қоймасын, әскери техниканы және т.б. әскери объектілерді күзететін және қорғайтын бөлім. Гарнизондық Қ-ға және күзет кызметтеріне әскери округ көлемінде әскери округтің қолбасшысы, ал гарнизон көлемінде гарнизон бастығьі басшылык етеді. Соғыс кезінде гарнизондық Қарауыл мен күзет қызметтеріне майдан (армия) көлемінде майдан (армия) қолбасшысы басшылық етеді. Гарнизондық қарауыл мен күзет қызметтеріне карулы күштердің әскер түрлерінің барлығы да қатыстырылады. Бүл қызметтерге қатыстырылмайтын әскери бөлімдерді әскери округтің қолбасшысы белгілейді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитетінің әскери бөлімдері гарнизонның қарауыл қызметіне қойылмайды. Гарнизондағы әскери бөлімдердің гарнизондык қызмет атқаратын мерзімі мен тәртібін гарнизон бастығы бөлімдердің құрамы мен атқаратын қызметіне қарай белгілейді.