Қараоттар тұқымдасы (лат. Portulacaceae)[1] - дара желекті, қос жарнақтылар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде 500-дей түрі бар.

Quick Facts Қараоттар тұқымдасы, Ғылыми топтастыруы ...
Қараоттар тұқымдасы
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Сабы: Қалампырлықтар
Тұқымдасы: Қараоттар тұқымдасы (Portulacaceae)
Close

Ботаникалық сипаты

Thumb
Гүлі
  • Жапырақтарының жиектері бүтін, көбінесе шырынды болады.
  • Гүлдері қос жынысты, бір үйлі, қос гүлсерігі бар. Тостағаншалары 2-ге бөлінген, кейде түбімен жатынға бірігіп өскен. Күлтелері 5 (сирек 4-9), бос немесе бірігіп өскен, аталықтары 3-15, гүл күлтелерінің түбімен бірігіп кеткен, аналығы - біреу, 3-6-ға бөлінген, жатыны бос немесе тостағаншасымен біріккен, бір ұялы. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі қауашақ, 2-3 немесе көп тұқымды, жарғақты, көлденеңінен немесе 3-ке жарылып ашылады. Тұқымдарында белок көп болады.

Өсетін жері мен таралуы

Қараоттар тұқымдасы көбінесе Оңтүстік Америка мен Калифорнияда таралған. Қазақстанда Алтай тауларында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында және Қаратауда жүргеніш және қараот туыстары кездеседі.

Қолданысы

  • Оңтүстік Америкада көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады.
  • Гүлдері әсем болғандықтан әсемдік үшін өсіріледі.
  • Медицинада емдік дәрі ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.