Қаракүйе

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қаракүйе[1]

  • 1) әдетте, толық жанбаған газ тәрізді және сұйық көмірсутектерден түзілетін біршама таза ұсақ дисперстік көміртек. Түсі қара, бөлшегінің ортақ мөлшері 100 – 3500 Е, ортақ тығыздығы 2 г/см2. Қаракүйе өндірісінің шикізаттарына газ, ацетилин, сұйық көмірсу, сондай-ақ құрамы ароматты қосылыстарға бай мұнай және тас көмір шайырларын айдағаннан кейінгі қалдықтар жатады. Қаракүйені өндірудің 3 жолы бар. Диффузиялық (каналдық), мұны арнайы жану камераларында табиғи газ немесе оның қосылыстарын толық жанбаған кезінде алады. Пеште арнайы реакторларда табиғи газ немесе оның қосылыстарын алау от (факел) ретінде толық жандырмай алады. Термикалық, бұл арнайы реакторларда табиғи газды ауа жібермей термикалық ыдырату арқылы алынады. Техникада Қаракүйені техникалық көмірсу деп атайды. Оны резина, пластмасс және бояғыш заттарға қосатын пигменттер алуда қолданылады. Қаракүйе – атмосфераны ластайтын заттектердің бірі;
  • 2) Қаракүйе саңырауқұлақтары тарататын өсімдік аурулары. Ауруға көбінесе өсімдіктердің өнім беретін негізгі мүшесі – масақ немесе шашақ (собық), сабақ және жапырақ шалдығады.[2]

Дереккөздер

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.