Қапаған қаған, Қабылан, Мочур (туған жылы белгісіз – 716 ж.) – Шығыс Түрік қағанатының бас қағаны (691 – 716). Құтлық қағанның немере інісі, Күлтегін мен Білгенің немере ағасы.
Басқаруы
Қапаған қаған | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
691 — 716 | ||
Ізашары | Құтлық қаған | |
Ізбасары | Инел қаған | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 716 | |
Династия | Ашина | |
Әкесі | Сыгинь | |
Жұбайы | Цзинь Шань | |
Балалары | Янвочжи Дэлэ Инел қаған | |
өңдеу |
Қапаған Қаған түрік қағандығының қуатын арттырып, оның әскерін күшейтті.Шығыс түрік қағандығының иелігін Темір қақпадан (Дербент) Қадырхан тауына, Тоқарыстаннан Ұлы Хинган тауларына, Сарыөзенге (Хуанхэ) дейін ұлғайтуды мақсат етті. Қапаған қағанның Қытаймен соғыстары негізінен Сарыөзеннің Солтүстік жагалауларында жүргізілді. 694 жылы басталған қытаймен соғыстары Қытай корғанының арғы жағында жатқан Ордос түркілерін елге қайтару мақсатында жүргізілді. 697 жылы қытай шапқыншылығына ұшыраған қидандарды түгелімен, бүкіл Маньчжурия өзіне қосып алды. 706 жылы Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. 706-07 жылдары қытай және та¬табы шапқыншылықтарына тойтарыс беріп отырды. 709 жылы тоғыз-оғыздарды женді. 711-12 жылдары Енисей аздары мен шіктерін өзіне қаратты. 712-13 жылдары Алтайдан асып, Жетісудағы он оқтарды бағындырды. Сырдариядан өтіп, Темір қақпаға жалғас жатқан Тоқарыстанға жетіп, соғдыларды күйрете жеңді. 714 жылы қайта бас көтере бастаған табғаштарға алты рет соққы берді. Қапаған Қаған үдере көшпек болган тоғыз- оғыздарды тоқтатып, Ұлы Құм даланың (Гоби) солтүстігінде оларға күйрете соққы берді. Қапаған қаған қытай заңына негізделген заңды бұзып, ежелгі түркілер заңын қалпына келтірді. 716 жылы Толы өзенінің жағасында Бай-егу (Байырғы) тайпасы Қапаған қағанның әскерімен шайқасып, күйрей жеңілді. Шағын ғана жасақпен жорықтан оралып келе жатқан Қапаған қағанға байегулер тұтқиылдан шабуыл жасап өлтіреді де, қағанның басын қытайларға апарып береді. [1]
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Тағы қараңыз
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.