From Wikipedia, the free encyclopedia
Қалыптасу кезеңі - сперматидалардан сперматозоидтардың қалыптасып жетілетін сперматогенез процесінің кезеңі. Сперматозоидтың басы плазмолеммамен қапталған цитоплазма мен ядродан пайда болады да, ядроның алдыңғы жағында пішіні оймақ тәрізді Гольджи кешенінің туындысы — акросома орналасады. Сперматозоид мойнын центросома центриольдері түзеді. Олар проксимальды (алдыңғы) және дистальды (артқы) дискілерге айналып, оларды байланыстыратын аралық құрылым - центродесмоз қалыптасады. Дистальды дискі екі бөлікке бөлініп, оның алдыңғысынан сперматозоид құйрығының негізін түзетін микротүтікшелерден құралған біліктік жіп өсіп шығады. Дистальды дискінің артқы бөлігі біліктік жіп бойымен артқа қарай жылжып, сперматозоид құйрығының бастапқы және негізгі бөлімдерінің шекарасына орналасады да, дистальды дискінің алдыңғы және артқы бөліктері аралығында жатқан сперматозоид құйрығының бастапқы бөлімін шектейді. Бұл бөлімнің цитоплазмасындағы митохондриялар біліктік жіпті сыртынан айнала орап, спиральды жіпті түзеді. Бастапқы бөлім цитоплазмасында сперматозоидтың қозғалысын қамтамасыз ететін қуат (энергия) көзі — гликоген түйіршіктері мен фосфолипид тамшылары қорланып жиналады. Құйрықтың негізгі бөлімін біліктік жіп пен оны сыртынан қаптаған жұқа цитоплазма қабаты мен плазмолемма, ал соңғы бөлімін біліктік жіп пен оны сыртынан қаптаған плазмолемма түзеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.