From Wikipedia, the free encyclopedia
Қалкен Шәкенұлы Әділшінов (15.10.1913 Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 23.5.1980 Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1945).
Арғын тайпасының Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан.[1]
Актерлік өнерге ол жас кезінен әуес болып, ән салуға, тақпақ айтуға шебер болатын. Ол көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысына белсене қатысып, ауыл сахнасында қойылған шағын қойылымдарда өнер көрсете бастады.[2] 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының актері қызметін атқарған. 1935 жылы режиссер М.Г. Насоновтың жетекшілігімен осы театрдың студиясын бітірген. Оқып жүрген кезінде-ақ театр спектакльдеріне қатыса бастады. Ұлы Отан соғысына қатысқан, үш жыл бойы Қызыл әскерде зеңбірек батареясының командирі болған. 1956 жылдан бастап киноға түскен. 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Әділшінов өзі ойнайтын рөлінің әлеуметтік, тұрмыстық, психологиялық жағына ден қоюмен қатар, оның мінез-кейпін әсерлеп көрсететін өткір мінезді актер болатын.
Таңдаулы рөлдерінің қатарында
Қызыл Жұлдыз және "Құрмет белгісі" орденімен, медальдарымен марапатталған.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.