![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b3/Relief_Map_of_Kazakhstan.png/640px-Relief_Map_of_Kazakhstan.png&w=640&q=50)
Қаламқас мұнай-газ кен орны
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қаламқас мұнай-газ кен орны — Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан мұнай және газ кен орны. Кен орнының құрылымы 1974 жылы белгілі болды, іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1976 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды. Қаламқас мұнай-газ кен орны өзі қарайтын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының жалпы мұнайының 70 пайызын өндіретін ірі кенорны. 1979 жылдың 2 наурызында Қаражанбас газ-мұнай кен орнымен бірге өз алдына «Комсомолскнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы болып құрылды. Ол атау 1992 жылы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына өзгертіліп, кен орны өз төл атауын иемденген. Кен орны 1980 жылдың 2 қарашасында алғашқы миллион тонна мұнайын өндірсе, одан 25 жыл өткен соң 2005 жылдың 6 маусымында 100 миллионыншы тонна «қара алтынын» өндіруге қол жеткізді. Ал бүгінгі күнге дейін 118 миллион тоннадан астам мұнай өндіріліп, ел байлығын еселеп отыр.
Қаламқас мұнай-газ кен орны | |
45°22′27″ с. е. 51°56′45″ ш. б.45.37417° с. е. 51.94583° ш. б. / 45.37417; 51.94583 (G) (O) (Я) | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Ашылған уақыты | 1976 жыл |
Жер қойнауын пайдаланушы | Маңғыстаумұнайгаз |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Disambig_gray.svg/22px-Disambig_gray.svg.png)