From Wikipedia, the free encyclopedia
Болғанбаев Қайретдин Әбдірахманұлы (1894, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 1937, Ташкент) — журналист, қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.[1]
Түркістан автономиясын құруға атсалысқан (1917, желтоқсан — 1918, ақпан). Орынбор қаласындағы «Хұсния» медресесінде оқып жүрген кезінде «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1917 — 18 жылдары М.Шоқай, С.Қожановтармен бірге «Бірлік туы» газетін шығаруға қатысты. 1918 — 19 жылдары Ташкент қаласындағы педагогикалық курста оқыды. 1919 — 21 жылдары Түркістан халыққа білім беру жүйесінде, Орынбор қаласында мемлекеттік «Қазақстан» баспасында сарапшы болып қызмет істеді. 1921 жылы Ә.Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының тапсырмасы бойынша Бұхарадағы басмашылар қозғалысына Энвер пашамен бірге жетекшілік етіп жүрген Зәки Уәлиди Тоғанмен кездесіп қайтты. 1922 — 23 жылдары Ақмолада, 1924 — 27 жылдары Петропавлда халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1928 жылы ОГПУ шешімімен «халық жауы» ретінде 5 жылға сотталып, Батыс Сібірге жер аударылды. 1934 жылы Алматыға келіп, кейіннен қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылында тұрған. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, атылды. 1958 ж. 26 ақпанда ақталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.